«Тарбағатай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында жабайы жануарлардың қыс мезгіліндегі қоректік қорын толықтыруға бағытталған биотехниялық іс-шаралар жүруде.
Қазіргі уақытта Қарабұйрат орманшылығының мемлекеттік инспекторлары қысқы кезеңде жануарларға берілетін бұтақ азығын (веточный корм) дайындау жұмыстарын жүргізуде. Бұл азық қыстың қатал уақытында елік, марал және басқа да шөпқоректі жануарлардың қорек тапшылығын азайтуға мүмкіндік береді.
Биыл Қарабұйрат орманшылығы бойынша жоспарланған 600 дана бұтақ азығының 300 данасы дайындалып, жоспардың 50 пайызы орындалды. Жұмыстар бекітілген жоспарға сәйкес жалғасуда.
Табиғатты қорғау және жануарлардың қолайлы тіршілік ортасын сақтау бағытындағы мұндай биотехниялық іс-шаралар ұлттық парк аумағындағы биоалуантүрлілікті сақтауға маңызды үлес қосады.
Мемлекеттік инспектор: Макаулов Нұржан.
ҰЛТТЫҚ ПАРКТЕ ЖАБАЙЫ ЖАНУАРЛАРҒА ҚЫСТЫҚ БҰТАҚ АЗЫҒЫ ДАЙЫНДАЛУДА.
- Толығырақ

Серкебаев Айдын Серікұлы
«Тарбағатай» мемлекетік ұлттық табиғи паркі» РММ директоры












