Өрт қаупі сейілмей тұрған осы кезеңде «Тарбағатай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және табиғи аумақтарды өрттен қорғау бағытындағы жұмыстар жалғасуда.

Үржар орманшылығының мемлекеттік инспекторлары ұлттық парк аумағында орналасқан шаруа қожалықтары мен демалушылар арасында үгіт-насихат және түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Кездесу барысында табиғи аумақта өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтау, отты абайлап пайдалану және өрттің алдын алу шараларын сақтау қажеттігі түсіндірілді.

Сонымен қатар, жүргізілген түсіндіру жұмыстарының өткенін растайтын арнайы журналға демалушылар мен шаруа қожалықтарының өкілдері қол қойды.

Табиғи аумақта өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау — орман мен қоршаған ортаны қорғаудың маңызды кепілі. Әр азамат табиғат аясында жауапкершілік танытып, өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауы қажет.

Мемлекеттік инспектор: Жеңіс Қабденов.

04.04.23 6

Серкебаев Айдын Серікұлы

«Тарбағатай» мемлекетік ұлттық табиғи паркі» РММ директоры

Layer 5851

Қазақстанның Мемлекеттік рәміздері:

Елтаңба, Ту, Әнұран

"Тарбағатай" Ұлттық паркі. Сан. тазалау үшін ақы төлеу

screenshot 106

"Тарбағатай" Ұлттық паркі. Көлікке арналған тұрақ ұсыну

screenshot 95