“Тарбағатай” (зоологиялық) қаумалының мемлекеттік инспекторлары аумақта өсімдіктер мен жануарлар дүниесіне фенологиялық бақылау жұмыстарын жүйелі түрде жүргізуде.
Фенологиялық бақылау барысында табиғаттағы маусымдық өзгерістер, өсімдіктердің өсуі мен гүлдеу кезеңдері, сондай-ақ жануарлар дүниесіндегі маусымдық құбылыстар тұрақты түрде бақыланып, тіркеліп отырады. Бұл жұмыстар табиғи экожүйелердегі өзгерістерді зерделеуге және биоалуантүрліліктің жай-күйін бағалауға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар “Тарбағатай” (зоологиялық) қаумалының мемлекеттік инспекторы бекітілген аумақта рейдтік-патрульдік жұмыстар жүргізіп, табиғатты қорғау заңнамасының сақталуын қадағалауда. Рейд барысында өрт қауіпсіздігі талаптарының орындалуына бақылау жасалып, заң бұзушылықтардың алдын алу бағытында түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.
Табиғи ортадағы әрбір өзгерісті бақылау – табиғатты тиімді қорғау мен оның байлығын келешек ұрпаққа сақтап жеткізудің маңызды кепілі.
Автор: “Тарбағатай” (зоологиялық) қаумалының мемлекеттік инспекторы: Мұхаметжанов Жақсылық.













