«Тарбағатай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында жабайы жануарлардың тіршілік әрекетін бақылау және олардың табиғи ортадағы қозғалысын зерттеу мақсатында фототұзақтар арқылы тұрақты мониторинг жұмыстары жүргізілуде.

Аталған фототұзақтардың бірі Үржар орманшылығының аумағына орнатылған. Арнайы құрылғы жануарлардың табиғи тіршілігіне кедергі келтірмей, олардың жүріп-тұруын тәулік бойы автоматты түрде фото және бейнежазбаға түсіруге мүмкіндік береді.

Фототұзақтан алынған материалдар арқылы ұлттық парк аумағында мекендейтін жабайы жануарлардың түрлік құрамы, таралу аймағы, белсенділік уақыты және тіршілік ету ерекшеліктері зерттеледі. Бұл деректер ғылыми-зерттеу және табиғатты қорғау жұмыстары үшін маңызды ақпарат көзі болып табылады.

Осындай заманауи бақылау құралдарын пайдалану табиғи аумақтағы биоалуантүрлілікті зерттеуге, жануарлар дүниесінің жағдайын бағалауға және оларды тиімді қорғау шараларын ұйымдастыруға мүмкіндік береді.

 Авторы: мемлекеттік инспектор Константин Гергенрейдер.

04.04.23 6

Серкебаев Айдын Серікұлы

«Тарбағатай» мемлекетік ұлттық табиғи паркі» РММ директоры

Layer 5851

Қазақстанның Мемлекеттік рәміздері:

Елтаңба, Ту, Әнұран

"Тарбағатай" Ұлттық паркі. Сан. тазалау үшін ақы төлеу

screenshot 106

"Тарбағатай" Ұлттық паркі. Көлікке арналған тұрақ ұсыну

screenshot 95