«Тарбағатай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде өрт қауіпті кезеңнің алдын алу бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жүргізілуде.
Биыл Үржар және Мақаншы аудандарында жергілікті тұрғындармен профилактикалық түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылып, 400-ден астам ақпараттық үнпарақ таратылды.
Ұлттық парк аумағындағы 95 ескерту тақтайшасы жаңартылып, өрт қаупі жоғары күндері кезекшілік пен патрульдеу жұмыстары күшейтілді. Сонымен қатар, орман-дала өрттеріне қарсы оқу-жаттығулар өткізіліп, барлық жауапты мекемелердің өзара іс-қимылы пысықталды.
Сондай-ақ, ұлттық паркпен шектесетін 63 шаруа қожалығымен өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау жөнінде келісімдер жасалып, түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Орман өрт сөндірушісі болу – жай ғана мамандық емес, бұл – табиғат алдындағы үлкен жауапкершілік. Біздің басты міндетіміз – орман мен даланы өрттен қорғап, табиғат байлығын келер ұрпаққа аман жеткізу. Өрт шыққан сәттен бастап әр минут қымбат, сондықтан жалынның таралуына жол бермеу үшін барлық күш-жігерімізді жұмсаймыз. Табиғатты қорғау – баршамыздың ортақ міндетіміз.
Спикер: Өрт сөндіру стансасының басшысы Елдос Күлетбаев;
Бейне авторы: Баспасөз хатшысының у.м.а. Әсем Көбенова.













