Табиғаттың тазалығын сақтау және қоршаған ортаны қорғау мақсатында келушілерге қолайлы жағдай жасау үшін «Қусақ» туристік маршрутында қоқыс контейнерлері орнатылды.
Құрметті туристер мен парк қонақтары! Табиғат аясындағы демалысымызды таза әрі жайлы етуге бірге үлес қосайық. Мүмкіндік болса, өзіңізбен бірге алып келген қоқысты кері алып кетіп, табиғатқа деген жанашырлығыңызды көрсетіңіз. Әрқайсымыздың тазалыққа деген жауапкершілігіміз — қоршаған ортаны қорғауға қосқан үлкен үлесіміз.
Табиғатымыздың тазалығын күн сайын сақтап, оған қамқорлық жасайтын адамдардың еңбегін құрметтеңіздер. Қоқысты контейнерлердің жанына тастамаңыздар, контейнерлерді шамадан тыс толтырмаңыздар және қоршаған ортаны аялайық.
Табиғат аясында демалу — үлкен жауапкершілік. Әрбір келуші өзінен кейін қоршаған ортаны таза қалдырып, табиғатқа ұқыпты қарауы қажет. Тазалықты сақтау — тек мемлекеттік инспекторлардың ғана емес, табиғатқа келген әрбір адамның ортақ міндеті.
Табиғатты таза ұстау арқылы біз оның көркін сақтап, келер ұрпаққа табиғи байлығымызды аман жеткізуге өз үлесімізді қосамыз. Табиғатты аялау — туған жерге деген құрметтің белгісі.
Тазалық — тазалаған жерде емес, қоқыс тастамаған жерде сақталады!
Үржар орманшылығының мемлекеттік инспекторы Константин Гергенрейдер.













