«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында «Тарбағатай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің Үржар орманшылығының мемлекеттік инспекторлары жергілікті әкімшілік өкілдерімен бірлесіп, Ақтоғай өзені бойында тазалық жұмыстарын жүргізді.
Іс-шара барысында өзен жағалауы тұрмыстық қалдықтардан тазартылып, табиғи аумақтың санитарлық жағдайын жақсартуға бағытталған жұмыстар атқарылды. Мұндай экологиялық акциялардың басты мақсаты – қоршаған ортаны таза ұстау, табиғатты аялау мәдениетін қалыптастыру және тұрғындардың экологиялық жауапкершілігін арттыру.
Тазалық жұмыстарына мемлекеттік инспекторлар Шарапиев Аман, Түсіпбеков Ерлан, Рысбек Тілек және Скаков Ерлан белсенді қатысып, табиғатты қорғауға өз үлестерін қосты.
Табиғатты қорғау – баршамыздың ортақ міндетіміз. Өзен-көлдеріміздің тазалығы мен табиғаттың көркі әрбір азаматтың жанашырлығы мен жауапкершілігіне байланысты. Осындай игі бастамалар алдағы уақытта да өз жалғасын табады.
Үржар орманшылығының мемлекеттік инспекторы Ерлан Скаков.













