Құрғақ әрі ыстық ауа райының сақталуына байланысты «Тарбағатай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі аумағында өрт қаупі 5-класс деңгейіне жетті.
Бұл – өрттің кез келген ұшқыннан лезде тұтануы мүмкін екенін білдіреді. Сондықтан табиғат аясында ерекше сақтық таныту керек.
Ол үшін төмендегі талаптарды қатаң сақтаңыз:
• Ашық от жақпаңыз;
• Темекі тұқылын жерге тастамаңыз;
• Қоқыс қалдырмаңыз;
• Көлікпен құрғақ шөптің үстімен өтпеңіз;
• Құрғақ шөп пен қоқысты өртемеңіз.
Өрт немесе түтін байқалған жағдайда дереу 101 нөміріне немесе «Тарбағатай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің кезекші байланыс телефоны 8 (72230) 3-20-98 нөміріне хабарласыңыз.
Табиғатты қорғау – әр азаматтың міндеті. Әрқайсымыздың жауапкершілігіміз бен сақтығымыз орман мен дала байлығын сақтап, табиғи байлығымызды келер ұрпаққа аман жеткізуге септігін тигізеді.
Автор: Қарабұйрат орманшылығының орман шебері Алмас Серікжанов.
ӨРТ ҚАУПІ – 5-КЛАСС!
- Толығырақ

Серкебаев Айдын Серікұлы
«Тарбағатай» мемлекетік ұлттық табиғи паркі» РММ директоры












