Бақты орманшылығының мемлекеттік инспекторлары Қазақстан Республикасы 2086 әскери бөлімі және Абай облысы бойынша Шекара қызметі департаментінің бастығы Баймұханов Серік Пазылкәрімұлының қатысуымен шекаралық аумақта табиғатты қорғау заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында бірлескен рейд өткізді.
Рейд барысында мемлекеттік орман қоры аумағы мен шекаралық белдеуде бақылау жұмыстары жүргізіліп, табиғи ресурстарды қорғау, заңсыз аңшылықтың, орман заңнамасын бұзу фактілерінің және өзге де құқық бұзушылықтардың алдын алуға ерекше назар аударылды.
Бірлескен іс-шараға қатысушылар қызметтік міндеттерді үйлестіре отырып, шекаралық аумақтың жай-күйіне мониторинг жүргізді. Осындай бірлескен рейдтер мемлекеттік шекараның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және табиғатты қорғау бағытындағы жұмыстардың тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.
Рейд қорытындысы бойынша заң бұзушылықтар тіркелген жоқ.
Автор: Бақты орманшылығының мемлекеттік инспекторы Қозыбаев Қанат













