Тарбағатай мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағындағы Қатынсу өзені – көптеген су құстарының қолайлы мекендерінің бірі. Солардың қатарында барылдауық үйрек (Anas platyrhynchos) те кездеседі.  Бұл құс тұщы су айдындарын мекендеп, табиғаттағы экологиялық тепе-теңдіктің сақталуына маңызды үлес қосады.
 
 Барылдауық үйректер  су өсімдіктерімен,  жәндіктермен және  ұсақ су жануарларымен қоректенеді. Олардың табиғи ортада емін-еркін тіршілік етуі өңірдегі су айдындарының тазалығы мен табиғаттың бай биоалуантүрлілігін айғақтайды. 
 
 Тарбағатай мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде жабайы құстарды қорғау, олардың мекен ету ортасын сақтау және табиғи байлықтарды келер ұрпаққа жеткізу бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде.
 
 Табиғатты қорғау – келешекті қорғау! 
 
 Авторы: Мақаншы орманшылығының басшысы Зейнолда Асхат.

 

04.04.23 6

Серкебаев Айдын Серікұлы

«Тарбағатай» мемлекетік ұлттық табиғи паркі» РММ директоры

Layer 5851

Қазақстанның Мемлекеттік рәміздері:

Елтаңба, Ту, Әнұран

"Тарбағатай" Ұлттық паркі. Сан. тазалау үшін ақы төлеу

screenshot 106

"Тарбағатай" Ұлттық паркі. Көлікке арналған тұрақ ұсыну

screenshot 95