Суретте табиғаттың ең ерекше ағзаларының бірі – қыналар бейнеленген.
Қыналар – саңырауқұлақ пен балдырдың селбесіп тіршілік етуінен пайда болатын ағзалар. Олар басқа өсімдіктерге қолайсыз жерлерде: жалаңаш жартастарда, аптап ыстықта, қатты аязда және ылғал тапшылығы жағдайында да өмір сүре алады.
Қыналар өте баяу өседі – ондаған жылдар ішінде бірнеше миллиметрден бірнеше сантиметрге дейін ғана ұлғаяды. Сондықтан олардың кез келген зақымдануы ұзақ уақыт бойы қалпына келеді.
«Тарбағатай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің мемлекеттік инспекторлары үшін осындай табиғи нысандарды сақтау – ұлттық парк экожүйесін қорғаудағы маңызды міндеттердің бірі.
Қыналар ауаның тазалығын көрсететін табиғи индикаторлар болып табылады. Олардың болуы қоршаған ортаның қолайлы әрі таза екенін білдіреді.
Тарбағатай табиғатын аялайық! Қыналарды жұлып алмаңыздар, олар өсетін тастар мен жартастарды бүлдірмеңіздер.
Табиғаттың әрбір бөлшегі аса маңызды және қамқорлық пен ұқыпты қарым-қатынасқа лайық.
Үржар орманшылығының мемлекеттік инспекторы Екатерина Гергенрейдер.













