Экспедицияға парктің Ғылым, ақпарат және экологиялық мониторинг бөлімінің мамандары мен Астана халықаралық университетінің ғалымдары қатысты. Далалық зерттеулер «Қазақстандағы Primula, Sibiraea және Rosaceae туыстарына жататын сирек кездесетін өсімдік түрлерінің таралуы мен дамуын геоэкологиялық және молекулалық-генетикалық бағалау» ғылыми жобасы аясында жүргізілді.
Зерттеу барысында сирек кездесетін және эндемикалық өсімдіктердің популяциялары зерттеліп, геоботаникалық сипаттамалар жасалды және молекулалық-генетикалық талдауға арналған өсімдік үлгілері жиналды.
Бұл жұмыстар еліміздің биоалуантүрлілігін сақтауға және сирек өсімдік түрлерін ғылыми негізде қорғауға бағытталған маңызды зерттеулердің бірі болып табылады.
Автор:Ғылым, ақпарат және экологиялық мониторинг бөлімі.













