Табиғи аумақтардағы жануарлар дүниесін қорғау және олардың тіршілік ету ортасын тұрақты бақылау – маңызды жұмыстардың бірі.
Зайсан (зоологиялық) қаумалы аумағында фототұзақтарды тексеру және қайта орнату жұмыстары жүргізілді. Мамандар орнатылған құрылғылардың техникалық жағдайын қарап, аккумулятор қуатын, жад карталарын және түсірілім сапасын тексерді.
Фототұзақтар арқылы жабайы жануарлардың қозғалысын, мекендеу ерекшеліктерін және табиғи ортадағы тіршілігін қашықтан бақылауға мүмкіндік бар. Бұл әдіс жануарлар дүниесін есепке алу мен қорғау шараларын тиімді ұйымдастыруға үлкен септігін тигізеді.
Тексеру барысында қажетті құрылғылар қайта іске қосылып, жануарлар жиі жүретін орындарға фототұзақтар қайта орналастырылды. Алынған материалдар табиғи аумақтағы жануарлар дүниесінің жағдайын бақылау үшін маңызды ақпарат көзі болып табылады.
Табиғатты қорғау – болашақ ұрпақ алдындағы ортақ міндет!
Автор:
Зайсан (зоологиялық) қаумалының орман шебері
Өтешов Аманжол













