«Тарбағатай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында шұғыл жұмыстар атқарылды.

Алдын ала анықталған ақпарат бойынша, өрт Қаратұма ауылдық округіне қарасты әкімшілік аумақтан басталған. Өрттің таралуы нәтижесінде «Тарбағатай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағына кіргендігі туралы хабарлама түскен.

Өрт туралы ақпарат түскеннен кейін оқиға орнына тиісті қызметтер мен арнайы техникалар жұмылдырылып, өртті оқшаулау және сөндіру жұмыстары жедел ұйымдастырылды. Өрт сөндіру жұмыстарына мекеме директорының орынбасары Р. Смаилов өзі барып, жалпы жұмыстарға басшылық жасады.

«Тарбағатай» МҰТП тарапынан өрт сөндіру жұмыстарына 2 дана АЦ өрт сөндіру көлігі, 3 дана МЛПК, 2 дана УАЗ автокөлігі және 30 қызметкер жұмылдырылды.

Қаратұма ауылдық округі тарапынан 27 адам, 3 трактор және 6 жеңіл автокөлік тартылды.

Үржар ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінен 10 қызметкер, өрт сөндіру бөлімінен 5 маман және 1 дана АЦ өрт сөндіру автокөлігі жұмылдырылды.

Көлденең ауылдық әкімшілігі тарапынан 1 дана АЦ, 1 трактор, 1 дана К-700, 1 погрузчик, 2 жеңіл автокөлік және 17 адам өрт сөндіру жұмыстарына қатысты.

Өртті сөндіру барысында «Тарбағатай» МҰТП қызметкерлері, жергілікті атқарушы орган өкілдері, төтенше жағдайлар қызметінің мамандары және басқа да жұмылдырылған қызметкерлер бірлесіп жұмыс атқарды.

Арнайы техникалар мен қажетті құрал-жабдықтар пайдаланыла отырып, өрттің одан әрі таралуына жол бермеу, қауіпті ошақтарды анықтау және сөндіру бағытында тиісті шаралар жүргізілді.

Табиғи аумақтарды өрттен қорғау – қоршаған ортаны, орман қорын және жануарлар дүниесін сақтаудың маңызды бағыттарының бірі. Осыған байланысты ұлттық парк қызметкерлері өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуына тұрақты бақылау жүргізіп, төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша жұмыстарды жалғастыруда.

Өрт сөндіру жұмыстарына атсалысқан барлық қызметкерлер мен азаматтарға алғыс білдіреміз.

Автор: Баспасөз хатшысы Рамазанов Қуаныш

04.04.23 6

Серкебаев Айдын Серікұлы

«Тарбағатай» мемлекетік ұлттық табиғи паркі» РММ директоры

Layer 5851

Қазақстанның Мемлекеттік рәміздері:

Елтаңба, Ту, Әнұран

"Тарбағатай" Ұлттық паркі. Сан. тазалау үшін ақы төлеу

screenshot 106

"Тарбағатай" Ұлттық паркі. Көлікке арналған тұрақ ұсыну

screenshot 95