«Тарбағатай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі аумағындағы Қусақ туристік маршрутында демалушыларға қоршаған ортаның тазалығын сақтау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру мақсатында экопакеттер таратылды.
Экопакеттерді пайдалану демалушыларға тұрмыстық қалдықтарды жинап, табиғатқа қоқыс тастамауға мүмкіндік береді. Бұл – табиғи аумақтардың тазалығын сақтауға бағытталған маңызды экологиялық шара.
Табиғат аясында демалу кезінде тазалық сақтау, қоқысты арнайы белгіленген орындарға жинау және табиғи байлықтарға ұқыпты қарау – әрбір демалушының ортақ жауапкершілігі.
Ұлттық парк ұжымы демалушыларды табиғатты аялауға, қоршаған ортаның тазалығын сақтауға және экологиялық мәдениетті қалыптастыруға шақырады.
Табиғатты бүгін қорғасақ – келешек ұрпаққа таза әрі көркем табиғат қалдырамыз!
Автор:
Баспасөз хатшысы Рамазанов Қуаныш
Қусақ туристік маршрутында демалушыларға экопакеттер таратылды
- Толығырақ

Серкебаев Айдын Серікұлы
«Тарбағатай» мемлекетік ұлттық табиғи паркі» РММ директоры












