Табиғат – адамзатқа ортақ баға жетпес байлық. Орман-тоғайларымызды, жануарлар дүниесін және құстарды қорғау – баршамыздың ортақ міндетіміз. Табиғи ресурстарды сақтау арқылы біз келешек ұрпаққа таза әрі бай табиғат қалдырамыз.
Заңсыз аңшылық – табиғатқа келтірілетін үлкен зиянның бірі. Рұқсатсыз аң аулау, белгіленбеген аулау құралдарын пайдалану, аң-құстарды заңсыз жою – қолданыстағы заңнама талаптарын бұзу болып табылады.
Әсіресе сирек кездесетін және саны азайып бара жатқан жануарларды қорғауға ерекше көңіл бөлу қажет. Әрбір азамат табиғатқа жауапкершілікпен қарап, аңшылық ережелерін қатаң сақтауы тиіс.
Заңсыз аңшылық фактілерінің алдын алу және табиғатты қорғау мақсатында табиғат қорғау инспекторлары тарапынан тұрақты бақылау және рейдтік жұмыстар жүргізіледі.
Табиғатты қорғау – әр азаматтың парызы!
Заңсыз аңшылыққа жол жоқ!
Автор: Жедел топ жетекшісі, мемлекеттік инспектор Касенбаев Бақытжан.
ЗАҢСЫЗ АҢШЫЛЫҚҚА ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ!
- Толығырақ

Серкебаев Айдын Серікұлы
«Тарбағатай» мемлекетік ұлттық табиғи паркі» РММ директоры












