«Тарбағатай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында табиғи аумақтарды қорғау, заң бұзушылықтардың алдын алу және жануарлар дүниесін сақтау бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде.

Жедел топ қызметкерлері ұлттық парк аумағындағы шалғай және табиғи маңызы жоғары учаскелерді аралап, бақылау-патрульдік жұмыстарын атқарады. Далалық жұмыстар барысында табиғи аумақтардың жағдайы бақыланып, қоршаған ортаны қорғау талаптарының сақталуына ерекше назар аударылады.

Мұндай жұмыстар табиғи ресурстарды заңсыз пайдаланудың алдын алуға, жануарлар дүниесін қорғауға және ұлттық парк аумағында белгіленген тәртіпті қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Табиғатты қорғау – үлкен жауапкершілікті талап ететін маңызды міндет. Мемлекеттік инспекторлардың күнделікті еңбегі Тарбағатайдың табиғи байлығын сақтап, оны келешек ұрпаққа аман жеткізуге бағытталған.

Тарбағатайдың қайталанбас табиғаты – халқымыздың баға жетпес байлығы. Оны қорғау және сақтау – баршамыздың ортақ міндетіміз.

Автор: Жедел топ жетекшісі, мемлекеттік инспектор Касенбаев Бақытжан

04.04.23 6

Серкебаев Айдын Серікұлы

«Тарбағатай» мемлекетік ұлттық табиғи паркі» РММ директоры

Layer 5851

Қазақстанның Мемлекеттік рәміздері:

Елтаңба, Ту, Әнұран

"Тарбағатай" Ұлттық паркі. Сан. тазалау үшін ақы төлеу

screenshot 106

"Тарбағатай" Ұлттық паркі. Көлікке арналған тұрақ ұсыну

screenshot 95