«Тарбағатай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағындағы Алет туристік маршруттық жолында демалушылар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру және табиғатты таза ұстау мақсатында арнайы экопакеттер таратылды.
Іс-шара барысында туристік маршрутпен саяхаттап жүрген демалушыларға экопакеттер беріліп, оларды табиғат аясында демалу кезінде пайда болатын тұрмыстық қалдықтарды жинауға пайдалану ұсынылды.
Табиғат аясындағы демалыс кезінде қоршаған ортаның тазалығын сақтау – әрбір азаматтың жауапкершілігі. Қоқысты жинап, арнайы белгіленген орындарға жеткізу және табиғи аумақтарға тұрмыстық қалдықтарды тастамау арқылы әр адам қоршаған ортаны қорғауға өз үлесін қоса алады.
Сонымен қатар демалушыларға ұлттық парк аумағында белгіленген экологиялық талаптарды сақтау, өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзбау, өсімдіктерге зиян келтірмеу және жануарлар дүниесіне ұқыпты қарау жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Алет туристік маршруты – табиғаттың әсем көріністерін тамашалауға мүмкіндік беретін көрікті орындардың бірі. Осындай табиғи аумақтарды таза әрі көркем күйінде сақтау – бүгінгі ұрпақтың ғана емес, келешек ұрпақ алдындағы да ортақ міндеті.
Табиғатты қорғау әрқайсымыздан басталады. Әрбір демалушы табиғатты таза ұстап, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қараса, табиғи байлығымызды сақтауға үлкен үлес қосады.
Автор: Баспасөз хатшысы Рамазанов Қуаныш













