Түнгі табиғаттың өзіне тән ерекше тылсымы бар. Күндіз көзге түсе бермейтін жабайы жануарлар түнгі уақытта табиғи тіршілігімен қозғалып, мекен ету ортасында еркін жүріп жатады.
Бейнежазбада — Тарбағатайдың кең даласы мен таулы аймақтарын мекендейтін әсем еліктер. Олар айналадағы әрбір дыбысты жіті бақылап, сақтықпен қозғалып келеді.
Осындай сәттер табиғаттың қаншалықты ерекше әрі құнды екенін тағы бір мәрте сезіндіреді. Жабайы жануарлар — табиғи экожүйенің ажырамас бөлігі. Олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және мекен ету ортасын сақтау — баршамызға ортақ міндет.
Мемлекеттік инспекторлардың жұмысы тек аумақты патрульдеу мен табиғат қорғау заңнамасының сақталуын бақылаумен шектелмейді. Күнделікті қызмет барысында жануарлар дүниесін бақылау, олардың мекендеу жағдайын зерделеу және табиғи тепе-теңдікті сақтауға үлес қосу да маңызды бағыттардың бірі.
Табиғатты аялау — әр адамның міндеті. Табиғатқа жанашырлықпен қарасақ, ол бізге осындай ғажайып кездесулерді сыйлай береді.
Автор: Мемлекеттік инспектор Гергенрейдер Константин













