«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында Үржар ауданында жалпы аудандық тазалық жұмыстары ұйымдастырылды.
Аталған акцияға Тарбағатай мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің қызметкерлері де белсенді қатысып, аудан аумағын тазарту және абаттандыру жұмыстарына өз үлестерін қосты.
Бір күндік тазалық акциясының нәтижесінде:
- 210 адам қатысты;
- 35 мекеме жұмылдырылды;
- 15 арнайы техника жұмыс істеді;
- 150 аула толық тазартылды;
- 195 тонна қатты тұрмыстық қалдық шығарылды.
Акцияның мақсаты – аудан аумағының тазалығын қамтамасыз ету, қоршаған ортаны қорғау және тұрғындардың экологиялық мәдениетін арттыру.
Тазалық – ортақ міндет, табиғатты қорғау – ортақ жауапкершілік.













