Табиғи аумақтарды қорғау – қоршаған ортаны сақтаудың маңызды бағыттарының бірі. Тарбағатай мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің мемлекеттік инспекторлары табиғи аумақта күнделікті бақылау және қорғау жұмыстарын жүргізіп келеді. 
 
Инспекторлардың күнделікті жұмыстары – ұлттық парк аумағындағы табиғи ресурстарды қорғау, жануарлар дүниесі мен өсімдіктер әлемін бақылау, сондай-ақ табиғи аумақтың белгіленген қорғау режимінің сақталуын қадағалау.
 
Бақылау жұмыстары барысында жабайы жануарлардың мекен ету ортасы зерделеніп, олардың табиғи жағдайы бақыланады. Сонымен қатар өсімдік жамылғысының жағдайына мониторинг жүргізіледі.
 
Жануарлар мен өсімдіктерді қорғау, биоалуантүрлілікті сақтау және табиғи экожүйелердің тұрақтылығын қамтамасыз ету – инспекторлардың жауапты міндеттерінің бірі.
 
Қиын таулы жерлерде жүргізілетін мұндай жұмыстар үлкен төзімділікті, жауапкершілікті және табиғатқа деген жанашырлықты талап етеді.
 
Табиғатты қорғау – бүгінгі міндет, келешекке қалдырар аманат!
 
Авторлар: Гергенрейдер К., Гергенрейдер Е., Увалиев А.
 

04.04.23 6

Серкебаев Айдын Серікұлы

«Тарбағатай» мемлекетік ұлттық табиғи паркі» РММ директоры

Layer 5851

Қазақстанның Мемлекеттік рәміздері:

Елтаңба, Ту, Әнұран

"Тарбағатай" Ұлттық паркі. Сан. тазалау үшін ақы төлеу

screenshot 106

"Тарбағатай" Ұлттық паркі. Көлікке арналған тұрақ ұсыну

screenshot 95