«Тарбағатай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің Қарабұйрат орманшылығы аумағында орналасқан Әлемді және «Водопад» аумақтарында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында тазалық жұмыстары жүргізілді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – табиғи аумақтардың тазалығын сақтау, қоршаған ортаны қорғау, экологиялық мәдениетті қалыптастыру және табиғи нысандарды қоқыстан тазарту.
Мемлекеттік инспекторлар аталған аумақтарды шолып-тексеріп, санитарлық жағдайына бақылау жүргізіп, анықталған қоқыстарды жинау жұмыстарын атқарды. Сонымен қатар, табиғи аумақтардың тазалығы мен қоршаған ортаның жай-күйі бақылауға алынды.
Тазалық жұмыстарына Қарабұйрат орманшылығының мемлекеттік инспекторлары Нұрмұханов Н., Құсайынов К., Бегешов З., Беколатов Н., Пугачев А., Мырзағали Е. және Иштаев Е. қатысты.
Табиғатты қорғау және оның тазалығын сақтау – баршамызға ортақ міндет. Табиғи аумақтарды таза ұстау арқылы қоршаған ортаны сақтап, келешек ұрпаққа табиғи байлығымызды аман жеткізуге үлес қосамыз.
«Таза Қазақстан» – таза табиғат пен таза қоршаған орта кепілі.













