Сізді зейнеткерлік жасқа толып, құрметті еңбек демалысына шығуыңызбен шын жүректен құттықтаймыз!

Сіз орман шаруашылығы саласында ұзақ жылдар бойы абыройлы еңбек етіп, табиғатты қорғау мен орман қорын сақтауға өз үлесіңізді қостыңыз. Көп жылғы еңбегіңіз, кәсіби біліміңіз, жауапкершілігіңіз бен өз ісіңізге деген адалдығыңыз әріптестеріңіз үшін әрдайым үлгі болып қала бермек.

Табиғатты қорғау, орман байлығын сақтау және келер ұрпаққа табиғи мұраны аман жеткізу жолындағы еселі еңбегіңіз үшін шынайы алғысымызды білдіреміз.


Сізге зор денсаулық, отбасыңызға амандық, ұзақ ғұмыр, бақ-береке және алдағы өміріңізге толағай табыс тілейміз! 

Ізгі тілекпен,
"Тарбағатай" мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің директоры А. Серкебаев және ұлттық парк ұжымы! 

 

04.04.23 6

Серкебаев Айдын Серікұлы

«Тарбағатай» мемлекетік ұлттық табиғи паркі» РММ директоры

Layer 5851

Қазақстанның Мемлекеттік рәміздері:

Елтаңба, Ту, Әнұран

"Тарбағатай" Ұлттық паркі. Сан. тазалау үшін ақы төлеу

screenshot 106

"Тарбағатай" Ұлттық паркі. Көлікке арналған тұрақ ұсыну

screenshot 95