Тарбағатай мемлекеттік ұлттық табиғи паркі аумағында мемлекеттік инспекторлар табиғи аумақтарды қорғау, бақылау және абаттандыру бағытында күнделікті жұмыстар атқарады.
Кезекті жұмыс барысында инспекторлар фенологиялық алаң №4 «Қусақ-2» аумағында бақылау жұмыстарын жүргізіп, арнайы ескерту белгісін жаңартып, орнату жұмыстарын атқарды. Бұл белгі фенологиялық алаңның арнайы зерттеу және бақылау жүргізілетін аумақ екенін көрсетіп, бөгде адамдардың кіруіне шектеу қойылғанын ескертеді.
Фенологиялық алаңдарда табиғаттағы маусымдық өзгерістер, өсімдіктердің дамуы және басқа да табиғи құбылыстар жүйелі түрде бақыланады. Жиналған мәліметтер ұлттық парк аумағындағы табиғи экожүйелердің жағдайын зерделеуге және биологиялық әртүрлілікті сақтауға бағытталған жұмыстарға негіз болады.
Мемлекеттік инспекторлардың жұмысы тек рейдтік бақылаумен шектелмейді. Олар табиғи аумақтарды қорғау, бақылау белгілерінің жағдайын тексеру, оларды жаңарту, фенологиялық алаңдарды күтіп ұстау және табиғатты қорғау талаптарының сақталуын қамтамасыз ету жұмыстарын да атқарады.
Табиғатты қорғау – күнделікті жауапкершілікті талап ететін маңызды жұмыс.
Табиғатты бірге қорғайық!
Авторлар:
Орман шебері – Е. Жунусов
Мемлекеттік инспекторлар – Абдуллин. Е, Акильбеков. Е,
Гергенрейдер .К,Гергенрейдер.Е
Уалиев. А













