2026 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасындағы Жалпыұлттық аза тұту күні

2026 жылғы 20 қыркүйек күні сағат 15:05-те «Тарбағатай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркіне қарасты Қарабұйрат орманшылығының учаскесінде дала өрті басталды.

Өртті сөндіру жұмыстары жедел ұйымдастырылып, тілсіз жауды ауыздықтауға аудан басшылығы, өрт сөндіру бөлімдері, «Тарбағатай» МҰТП қызметкерлері, «Тау-Дала» филиалы, РММ «Семей орманы», Төтенше жағдайлар департаменттерінің қызметкерлері, жергілікті атқарушы органдар және арнайы техникамен көмекке келген азаматтар жұмылдырылды.

Сонымен қатар, Үржар ауданы әкімдігінің қолдауымен 160 адам өртті сөндіру жұмыстарына тартылды. Аудан әкімдігі өртті сөндіру жұмыстарын ұйымдастыруға, адам күшін жұмылдыруға және қажетті көмекті үйлестіруге атсалысты.

Жалпы өртті сөндіру жұмыстарына 30 техника және 327 адам жұмылдырылды.

Атап айтқанда:

🔹 «Тарбағатай» МҰТП — 2 АЦ өрт сөндіру көлігі, 6 МЛПК, 5 УАЗ және 80 қызметкер;
🔹 Үржар ӨСБ — 1 АЦ және 5 қызметкер;
🔹 «Тау-Дала» филиалы — 1 АЦ, 2 МЛПК және 12 қызметкер;
🔹 Үржар ауданы — 160 адам;
🔹 РММ «Семей орманы» — КАМАЗ, 2 ГАЗ-3308, УРАЛ-5557 және 9 қызметкер;
🔹 Өскемен қаласының ДЧС — 4 техника және 24 қызметкер;
🔹 Семей қаласының ДЧС — 5 техника және 42 қызметкер.

Өртті сөндіру жұмыстары барысында қиын әрі қолжетімділігі төмен аумақтардағы ошақтарды жоюға ерекше көңіл бөлінді. Жедел штаб құрылып, өртті сөндіру жұмыстары үйлестірілді. Жедел ақпарат бойынша өрттің таралуы тоқтатылып, тлеуші ошақтарды сөндіру жұмыстары жүргізілген.

Сонымен қатар, өртті сөндіруге авиация да тартылды. Екі тікұшақпен жалпы 26 рет су төгіліп, 68 тонна су пайдаланылды. Оның ішінде «Қазавиаорманқорғау» РМК-ның Ми-8 тікұшағы 19 рет су төгіп, 57 тонна су жеткізсе, ҰҚК-нің Ми-8 тікұшағы 7 рет су төгіп, 14 тонна су шашқан.

Жүргізілген ауқымды әрі үйлесімді жұмыстардың нәтижесінде 2026 жылғы 22 қыркүйек күні сағат 17:30-да өрт оқшауланды. Ал 23 қыркүйек күні таңғы сағат 07:20-да өрт толықтай сөндірілді.

   Осындай сын сәтте бір мақсатқа жұмылып, елдің тыныштығы мен табиғи аумақтың қауіпсіздігі үшін аянбай еңбек еткен аудан басшылығына, өрт сөндіру бөлімдерінің қызметкерлеріне, «Тарбағатай» МҰТП және «Семей орманы» ұжымдарына, Төтенше жағдайлар қызметінің мамандарына, жергілікті тұрғындарға, арнайы техникасымен көмек көрсеткен азаматтарға және басқа ауылдардан арнайы келіп, қолдау білдірген әріптестерге шын жүректен алғыс білдіреміз.

Сіздердің ұйымшылдықтарыңыз бен өзара қолдауларыңыздың арқасында өрттің таралуына жол берілмей, тілсіз жау толықтай ауыздықталды.

   Бұл — баршамыздың ортақ еңбегіміз бен ауызбіршілігіміздің нәтижесі.

Еңбектеріңіз еленіп, ел алғысына бөлене беріңіздер! Баршаңызға мықты денсаулық, амандық және еңбектеріңізге береке тілейміз.

   Ең бастысы – ел аман, жұрт тыныш болсын!

   Табиғатты қорғау – баршамызға ортақ міндет!

 

04.04.23 6

Серкебаев Айдын Серікұлы

«Тарбағатай» мемлекетік ұлттық табиғи паркі» РММ директоры

Layer 5851

Қазақстанның Мемлекеттік рәміздері:

Елтаңба, Ту, Әнұран

"Тарбағатай" Ұлттық паркі. Сан. тазалау үшін ақы төлеу

screenshot 106

"Тарбағатай" Ұлттық паркі. Көлікке арналған тұрақ ұсыну

screenshot 95

▲