Тазалық – табиғатты қорғаудан басталады!
Жыл сайын қыркүйек айының үшінші сенбісінде әлемнің көптеген елдерінде «Дүниежүзілік тазалық күні» (World Cleanup Day) халықаралық экологиялық акциясы өткізіледі. Биыл бұл күн 19 қыркүйекке сәйкес келді.
Акцияның басты мақсаты – халықтың назарын қоршаған ортаның ластану мәселесіне аудару, табиғатты таза ұстауға шақыру және қоғамда экологиялық мәдениетті қалыптастыру.
Осыған орай «Тарбағатай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің Үржар орманшылығының мемлекеттік инспекторлары Үржар ауданының Бестерек ауылында орналасқан Мектеп жанындағы интернаты бар Мешітбай Хасенов атындағы Бестерек орта мектеп-бақшасының 8–11 сынып оқушыларымен бірлесіп, ауыл аумағында тазалық жұмыстарын жүргізді.
Экологиялық акцияға жалпы саны 40 адам қатысып, 2 гектар аумақ тазартылды. Жиналған 7 тонна қоқыс ауыл әкімдігіне қарасты арнайы техникамен қоқыс полигонына шығарылды.
Мұндай игі бастамалар қоршаған ортаны қорғауға ғана емес, өскелең ұрпақтың бойында табиғатқа деген сүйіспеншілік пен жауапкершілікті қалыптастыруға зор ықпал етеді.
Таза ауыл – таза табиғат – жарқын болашақ!
Табиғатты бірге қорғайық!
Тазалықты бірге сақтайық!
Мемлекеттік инспектор: Шалқар Қоштаев.
Экологиялық ағарту инженері: Әсем Көбенова.
#ТазаҚазақстан #ДүниежүзілікТазалықКүні #WorldCleanupDay2026 #ТарбағатайҰлттықПаркі #Үржар #Бестерек #ТабиғаттыҚорғайық #Тазалық #ЭкологиялықАкция
#ТазаҚазақстан #ВсемирныйДеньЧистоты #WorldCleanupDay2026 #ТарбагатайскийНациональныйПарк #Урджар #Бестерек #ЗащитимПрироду #Чистота #ЭкологическаяАкция













