2026 жылғы 17 қыркүйекте табиғатты қорғау және орман ресурстарына ұқыпты қарау мәдениетін қалыптастыру мақсатында Үржар ауданы, Некрасовка ауылындағы «Некрасовка орта мектеп-бақшасы» КММ-де 5–11 сынып оқушыларына «Тал кесу оңай, қалпына келтіру қиын» тақырыбында тағылымды дәріс өткізілді.
Іс-шараны Қарабұйрат орманшылығының мемлекеттік инспекторлары Р.Оспанов, А.Пугачев, Н.Бекболатов, Н.Нұрмұханов, Қ.Құсаинов және орман шебері Р.Омаров ұйымдастырып, оқушыларға орманның табиғаттағы маңызы мен оны қорғаудың қажеттілігі туралы кеңінен түсіндірді.
Дәріс барысында мамандар ағаштардың қоршаған ортадағы рөліне тоқталып, олардың ауаны тазартуда, топырақты қорғауда, табиғи тепе-теңдікті сақтаудағы маңызы туралы айтты. Сонымен қатар заңсыз және негізсіз ағаш кесудің табиғатқа тигізетін кері әсері, орман қорын сақтау және жасыл желекті көбейту мәселелері қозғалды.
Оқушылар орман саласының мамандарына өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, ағаштарды күтіп-баптау, табиғатты қорғау және қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарау жөнінде пайдалы ақпарат алды.
Іс-шараға мектептің 52 оқушысы жетекшілерімен бірге қатысты.
Табиғатты қорғау – баршамызға ортақ міндет. Бір талды кесу оңай болғанымен, оның орнын толтыруға жылдар қажет. Сондықтан әрбір өскелең ұрпақ табиғи байлықты қадірлеп, орманды қорғауға өз үлесін қосуы маңызды.
«Табиғатты аялау – болашақты қорғау» қағидасын ұстана отырып, жас ұрпақтың экологиялық сауаттылығын арттыруға бағытталған мұндай кездесулер алдағы уақытта да жалғасын табады.
Ә.Көбенова, Экологиялық ағарту инженері-мемлекеттік инспектор
«Тал кесу оңай, қалпына келтіру қиын»
- Толығырақ

Серкебаев Айдын Серікұлы
«Тарбағатай» мемлекетік ұлттық табиғи паркі» РММ директоры












