Дүниежүзілік туризм күніне орай Тарбағатай мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің «Қарабас» туристік маршруты бойынша экскурсия ұйымдастырылды.
Экскурсияны ЭАРТ бөлімінің экскурсия жетекшілері Д. Баяхметов пен Ж. Сакиева «Ш. Уәлиханов атындағы орта мектеп-бақша» КММ-нің 9–10 сынып оқушыларына өткізді.
Экскурсия барысында оқушыларға «Қарабас» аумағында орналасқан тарихи-мәдени нысандар, петроглифтер және қола дәуірінен сақталған археологиялық мұралар туралы кеңінен ақпарат берілді. Сонымен қатар өткен ғасырдағы ІІХК (Ішкі істер халық комиссариаты) мөрінің тарихы мен маңызы жөнінде мәліметтер ұсынылды.
Экскурсияның басты мақсаты – жас ұрпақтың туған өлкенің тарихи-мәдени мұраларына деген қызығушылығын арттыру, тарихи құндылықтарды дәріптеу және туризм саласына деген қызығушылығын қалыптастыру.
Экскурсияға жалпы саны 7 оқушы қатысты.
Экскурсия жетекшісі: Жансая Сакиева
Видео: биолог-мемлекеттік инспектор Аяулым Долдашева
«ҚАРАБАС» ТУРИСТІК МАРШРУТЫ БОЙЫНША ЭКСКУРСИЯ ӨТКІЗІЛДІ
- Толығырақ

Серкебаев Айдын Серікұлы
«Тарбағатай» мемлекетік ұлттық табиғи паркі» РММ директоры












