Табиғатты қорғау – туған өлкені танудан басталады. Осы мақсатта Тарбағатай мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің Ғылым, ақпарат және экологиялық мониторинг бөлімінің мамандары Мақаншы орманшылығының мемлекеттік инспекторларымен бірлесіп, Мақаншы ауылындағы Ә. Найманбайұлы атындағы мұражайда мектеп оқушыларына арналған танымдық көрме ұйымдастырды. Көрменің басты мақсаты – оқушыларға Тарбағатай мемлекеттік ұлттық табиғи паркі туралы кеңінен ақпарат беру, парк мамандары мен мемлекеттік инспекторлардың атқарып жатқан жұмыстарының нәтижелерін таныстыру, сондай-ақ жас ұрпақтың табиғатқа деген қызығушылығы мен жанашырлығын арттыру. Көрме барысында оқушыларға ұлттық парктің табиғи байлығы мен ғылыми-зерттеу, экологиялық мониторинг және табиғатты қорғау бағытындағы жұмыстары таныстырылды. Көрме төрінен:  парк мамандары мен мемлекеттік инспекторлар түсірген табиғат көріністері, жануарлар мен өсімдіктердің фотосуреттері; өсімдіктердің гербарийлері; ұлттық парктер туралы кітаптар; Қазақстан Республикасының Қызыл кітабы;  омыртқасыз жануарлардың коллекциялары;  Тарбағатай ұлттық паркі туралы буклеттер мен брошюралар;  далалық зерттеу жұмыстары кезінде қолданылатын түрлі құрылғылар мен құрал-жабдықтар орын алды. Оқушылар көрмедегі материалдарды қызығушылықпен тамашалап, ұлттық парктің табиғи ерекшеліктері, сирек кездесетін өсімдіктер мен жануарлар, оларды қорғау және сақтау бағытындағы жұмыстар туралы мол мағлұмат алды. Осындай танымдық іс-шаралар жас ұрпаққа табиғаттың баға жетпес байлығын танытып қана қоймай, қоршаған ортаны қорғауға деген жауапкершілікті қалыптастыруға ықпал етеді. Табиғатты қорғау – баршамызға ортақ міндет. Табиғатты бүгін қорғасақ, оның байлығын келер ұрпаққа аман жеткіземіз!

Авторлар

Биолог – мемлекеттік инспектор С.Мәженова

 Орнитолог – мемлекеттік инспектор  М.Қабыл

 

04.04.23 6

Серкебаев Айдын Серікұлы

«Тарбағатай» мемлекетік ұлттық табиғи паркі» РММ директоры

Layer 5851

Қазақстанның Мемлекеттік рәміздері:

Елтаңба, Ту, Әнұран

"Тарбағатай" Ұлттық паркі. Сан. тазалау үшін ақы төлеу

screenshot 106

"Тарбағатай" Ұлттық паркі. Көлікке арналған тұрақ ұсыну

screenshot 95

▲