2026 жылғы 30 қыркүйек күні өскелең ұрпаққа табиғатты қорғаудың маңыздылығын түсіндіру және өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау мәдениетін қалыптастыру мақсатында І. Жансүгіров атындағы орта мектепте «Күзгі дала өртімен күресу» тақырыбында танымдық дәріс өткізілді.
Іс-шараға І. Жансүгіров атындағы орта мектептің 2 «В» сыныбының 16 оқушысы қатысты.
Дәрісті «Тарбағатай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің орман өртін сөндіру стансасының басшысы Күлетбаев Елдос Кенжекенұлы өткізді.
Дәріс барысында оқушыларға күз мезгілінде дала өрттерінің туындау себептері, олардың қоршаған ортаға, орман-тоғайларға және жануарлар дүниесіне тигізетін зияны туралы түсінікті түрде ақпарат берілді.
Сонымен қатар өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау, табиғат аясында отты абайлап пайдалану, сөндірілмеген шоқ пен қоқысты қалдырмау қажеттігі түсіндірілді.
Балаларға өрт байқалған жағдайда қандай әрекет жасау керектігі және қауіпсіздік шараларын сақтаудың маңызы айтылды. Оқушылар дәріс барысында өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, маманнан қажетті жауаптар алды.
Осындай танымдық кездесулер жас ұрпақтың табиғатқа деген жауапкершілігін арттырып, қоршаған ортаны қорғауға деген сүйіспеншілігін қалыптастыруға ықпал етеді.
Табиғатты қорғау – баршамызға ортақ міндет. Өрттің алдын алу үшін әр азамат қауіпсіздік талаптарын сақтап, табиғатқа жанашырлықпен қарауы қажет.
ТӘРБИЕ — ТАЛ БЕСІКТЕН БАСТАЛАДЫ
- Толығырақ

Серкебаев Айдын Серікұлы
«Тарбағатай» мемлекетік ұлттық табиғи паркі» РММ директоры












