1 қазан – Қарттар күніне орай «Тарбағатай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің Кәсіподақ ұйымының ұйымдастыруымен мекемеде ұзақ жылдар бойы еңбек етіп, бүгінде зейнет демалысындағы ардагерлерге арнайы құрмет көрсетілді.
Іс-шара барысында ардагерлерге ізгі тілектер айтылып, сый-сияпат табысталып, мерекелік көңіл-күй сыйланды. Ұлттық парктің қалыптасуы мен дамуына өз еңбектерімен елеулі үлес қосқан аға буын өкілдеріне алғыс білдіріліп, олардың өнегелі еңбек жолы кейінгі ұрпаққа әрдайым үлгі екені атап өтілді.
Қарияларымыз – елдің өткенін бүгінмен жалғап тұрған алтын көпір. Олардың өмірлік тәжірибесі, ақыл-кеңесі мен қажырлы еңбегі – кейінгі буын үшін баға жетпес қазына.
Құрметті ардагерлер!
Сіздерге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыларыңызға амандық, шаңырақтарыңызға шаттық тілейміз! Әр күндеріңіз қуанышқа, сыйластыққа және мейірімге толы болсын!
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет!
«Тарбағатай» МҰТП Кәсіподақ ұйымы













