«Тарбағатай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің Ғылым, ақпарат және экологиялық мониторинг бөлімінің мамандары аңшылықтанушымен бірлесіп, «Абылайхан атындағы орта-мектеп-бақшасы» КММ-нің 7-сынып оқушыларына «Дүниежүзілік жануарларды қорғау күні» тақырыбында танымдық семинар-сабақ өткізді.
Іс-шараның басты мақсаты – жас ұрпақтың табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру, жануарлар дүниесін қорғаудың маңыздылығын түсіндіру және қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу.
Семинар барысында оқушыларға жануарлардың табиғаттағы маңызы, сирек кездесетін және қорғауға алынған жануарлар, биоалуантүрлілікті сақтау мәселелері туралы қызықты әрі пайдалы ақпараттар берілді. Сонымен қатар ұлттық парк аумағында мекендейтін жануарлар дүниесі және оларды қорғау бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы мәліметтер ұсынылды.
Оқушылар сабақ барысында белсенділік танытып, өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мамандармен пікір алмасты. Танымдық кездесу жасөспірімдердің табиғатты қорғау мәдениетін қалыптастырып, қоршаған ортаға деген жауапкершілігін арттыруға ықпал етті.
Табиғатты қорғау – әр адамның міндеті. Жануарларды аялау – келешек ұрпаққа қамқорлық жасау!
Авторлар:
Биолог-мемлекеттік инспектор С. Мәженова
Биолог-мемлекеттік инспектор А. Долдашева
ЖАНУАРЛАРДЫ ҚОРҒАУ – ТАБИҒАТТЫ ҚОРҒАУ
- Толығырақ

Серкебаев Айдын Серікұлы
«Тарбағатай» мемлекетік ұлттық табиғи паркі» РММ директоры












