Туризм саласындағы еңбекті бағалау – осы бағытта қызмет етіп жүрген мамандарға көрсетілген үлкен құрмет. Осындай айтулы марапаттардың бірі – Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің «Туризм саласының үздігі» төсбелгісі.
2026 жылғы 21 қыркүйектегі №17-жқ бұйрыққа сәйкес, Қобенова Асем Темірболатқызы Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің «Туризм саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды.
Аталған төсбелгі – туризм саласының дамуына үлес қосып, кәсіби міндеттерін жауапкершілікпен атқарып жүрген мамандардың еңбегіне берілетін жоғары бағалардың бірі.
Бұл марапат Асем Темірболатқызының туризм саласындағы еңбегіне көрсетілген құрметпен қатар, алдағы уақытта да жаңа бастамаларға серпін беріп, кәсіби жетістіктерге жетуге ынталандырады.
Құттықтаймыз!
Еңбегіңіз еленіп, абыройыңыз асқақтай берсін! Туризм саласын дамыту жолындағы жұмыстарыңызға толағай табыс, шығармашылық шабыт және жаңа жетістіктер тілейміз!
Автор:
Баспасөз хатшысы Рамазанов Қуаныш













