2026 жылғы 6 қазан күні «Тарбағатай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің Қарабұйрат орманшылығының орман шебері Руслан Омаров пен мемлекеттік инспекторлары Барқытбел орта мектеп-бақшасында «Дала өртінен сақтанайық!» тақырыбында семинар сабақ өткізді.

 Іс-шараға 8–10 сыныптың 16 оқушысы қатысты.

   Семинардың негізгі мақсаты – оқушыларға дала және орман өрттерінің алдын алу, өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау, табиғи аумақтарға ұқыпты қарау және төтенше жағдай кезінде дұрыс әрекет ету жөнінде түсінік беру.

   Сабақ барысында инспекторлар дала өрттерінің шығу себептері, оның табиғатқа және қоршаған ортаға тигізетін зияны, өрттің алдын алу шаралары туралы кеңінен айтып берді. Сонымен қатар табиғат аясында демалу кезінде қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау, отты қараусыз қалдырмау және өрт байқалған жағдайда тиісті қызметтерге дер кезінде хабарлау қажеттігі түсіндірілді.

  Оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мамандардан нақты жауаптар алды.

  Табиғатты қорғау – баршамызға ортақ міндет. Өрттің алдын алу – табиғатты және өз болашағымызды қорғау! 

Авторлар :
  
Мемлекеттік инспектор Қанат Құсайынов;

 Экологиялық ағарту инженері Әсем Көбенова

04.04.23 6

Серкебаев Айдын Серікұлы

«Тарбағатай» мемлекетік ұлттық табиғи паркі» РММ директоры

Layer 5851

Қазақстанның Мемлекеттік рәміздері:

Елтаңба, Ту, Әнұран

"Тарбағатай" Ұлттық паркі. Сан. тазалау үшін ақы төлеу

screenshot 106

"Тарбағатай" Ұлттық паркі. Көлікке арналған тұрақ ұсыну

screenshot 95

▲