Табиғатты қорғау, жануарлар дүниесін сақтау және жас ұрпақтың экологиялық мәдениетін қалыптастыру – баршамызға ортақ міндет. Осы бағытта
Қарабұйрат және Бақты орманшылықтарының мамандары.
Абай облысы, Аягөз ауданының №1 Ақшұқлы жалпы орта білім беретін мектебі мен Қарабұта мектебінің оқушыларымен .«Жануарлардың күзгі көші-қоны»тақырыбында танымдық семинар-сабақ өткізді.
Аталған тағылымды іс-шараға Аягөз ауданының №1 Ақшұқлы жалпы орта мектебі ,Қарабұта мектебінің оқушылары қатысып, табиғат әлемі мен жануарлар тіршілігі туралы маңызды мағлұматтар алды.
Семинар барысында орманшылық мамандары оқушыларға жануарлар мен құстардың күзгі көші-қонының ерекшеліктері, маусымдық қозғалысының себептері, табиғи ортаға бейімделуі және жануарлар дүниесін қорғаудың маңызы туралы кеңінен түсіндірді.
Сонымен қатар мамандар жабайы жануарлардың мекен ету ортасын сақтау, табиғи тепе-теңдікті бұзбау, орман-тоғайларды қорғау және қоршаған ортаға ұқыпты қарау мәселелеріне ерекше тоқталды. Оқушыларға табиғат аясында өзін-өзі ұстау ережелері мен жануарларға қамқорлық жасаудың маңыздылығы түсіндірілді.
Семинар барысында оқушылар белсенділік танытып, өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, Қарабұйрат және Бақты орманшылықтарының мамандарымен еркін пікір алмасты.
Осындай мазмұнды кездесулер оқушылардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттырып қана қоймай, олардың экологиялық сауаттылығын қалыптастыруға, жануарлар дүниесіне жанашырлықпен қарауға және туған өлкенің табиғи байлығын қорғауға деген жауапкершілігін арттыруға үлкен ықпал етеді.
Табиғатты қорғау – болашақты қорғау!
Жануарларға жанашыр болайық, табиғатты бірге аялайық!













