«Заң мен тәртіп» қағидаты аясында түсіндіру жұмыстары жүргізілді
Үржар ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері мен «Тарбағатай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің қызметкерлері бірлесіп, заңдылықты сақтау, құқық бұзушылықтардың алдын алу, зорлық-зомбылыққа қарсы күрес және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелеріне арналған жиналыс өткізді.
Жиын барысында «Тарбағатай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің директор орынбасарының міндетін атқарушы, заңгер-мемлекеттік инспектор Н. Дүйсекенов күн тәртібіндегі мәселелер бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар ол Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің 2026 жылғы 30 қыркүйектегі № 27-27-06/1007-ВН кеңес хаттамасымен таныстырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелеріне тоқталды.
Кездесу барысында хаттамада көрсетілген тапсырмалар мен талаптардың маңыздылығы түсіндірілді. Қызметкерлерге қызметтік және еңбек міндеттерін орындау кезінде заң талаптарын қатаң сақтау, қызметтік әдеп нормаларын ұстану, өз міндеттеріне жауапкершілікпен қарау және сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу қажеттігі ескертілді.
Сондай-ақ зорлық-зомбылықтың кез келген түріне жол бермеу, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын құрметтеу, отбасындағы және қоғамдағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелеріне назар аударылды. Құқық бұзушылықтардың алдын алу әрбір азаматтың жауапкершілігі мен заңға деген құрметінен басталатыны атап өтілді.
Жиналыстың негізгі мақсаты — қызметкерлердің құқықтық сауаттылығын арттыру, құқық бұзушылықтардың алдын алу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және мемлекеттік мекемеде заңдылық, ашықтық пен жауапкершілік қағидаттарын нығайту.
Зорлық-зомбылыққа жол жоқ! Сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік — әрқайсымыздың азаматтық ұстанымымыз!
Заңды құрметтеу, тәртіпті сақтау және адалдық қағидаттарын ұстану — қауіпсіз әрі әділетті қоғам қалыптастырудың маңызды негізі.
Заң үстемдігі — қоғам тұрақтылығының кепілі!
Автор: Баспасөз хатшысы Рамазанов Қуаныш













