Сізді зейнеткерлік демалысқа шығуыңызбен шын жүректен құттықтаймыз!
Сіз саналы ғұмырыңызды адал еңбекке арнап, өз ісіңізге деген жауапкершілігіңіз бен кәсіби біліктілігіңіздің арқасында әріптестеріңіздің құрметіне бөленіп келдіңіз. Еңбек жолыңызда жинаған мол тәжірибеңіз бен атқарған қызметіңіз кейінгі буынға үлгі боларлық өнеге.
Зейнеткерлік – ұзақ жылғы еңбектің жемісін көріп, өмірдің жаңа белесіне қадам басатын ерекше кезең. Осы қуанышты сәтте Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық, шаңырағыңызға шаттық пен береке тілейміз!
Алдағы өміріңіз қуанышты сәттерге, жақындарыңыздың ыстық ықыласына және жарқын күндерге толы болсын! Әрдайым абырой биігінен көрініп, бала-шағаңыздың қызығын көріп, немере-шөберелеріңіздің ортасында бақытты ғұмыр кешіңіз!
Еңбегіңіз еленіп, мерейіңіз үстем болсын! Зейнеткерлік жасыңыз құтты болсын! Деніңіз сау, көңіліңіз шат, ғұмырыңыз ұзақ болғай!
Ізгі тілекпен, «Тарбағатай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің директоры А. Серкебаев және ұлттық парк ұжымы!
Автор: Баспасөз хатшысы Рамазанов Қуаныш













