ҚР Кәсіподақ қызметкерлері күніне орай «Тарбағатай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің кәсіподақ ұйымының мүшелері марапатталды.
Еңбек ұжымының бірлігін нығайтуға, қызметкерлердің құқықтары мен мүдделерін қорғауға және кәсіподақ қозғалысының дамуына қосқан үлестері үшін мемлекеттік инспектор Р. Оспанов, штаттан тыс қызметкер Ш. Ибраева және биолог-мемлекеттік инспектор, кәсіподақ ұйымының төрайымы С. Мәженова Абай облысы кәсіподақтар орталығының төрағасы Қ. С. Сүлейменовтің «Алғыс хатымен», ал мемлекеттік инспектор Ш. Қоштаев «Құрмет грамотасымен» марапатталды.
Сонымен қатар, 2026 жылғы 12 қазанда «Тарбағатай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің бастауыш кәсіподақ ұйымының құрылғанына 8 жыл толды!
Осы уақыт ішінде кәсіподақ ұйымы қызметкерлердің еңбек құқықтары мен әлеуметтік мүдделерін қорғауға, ұжымдағы ынтымақ пен бірлікті нығайтуға, еңбек адамын қолдауға елеулі үлес қосып келеді.
Сегіз жылдық тарихы бар кәсіподақ ұйымы алдағы уақытта да еңбек адамдарының мүддесін қорғап, ұжымның берекесі мен бірлігін арттыра берсін!
Марапат иелерін кәсіби мерекемен шын жүректен құттықтаймыз! Еңбектеріңізге табыс, отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық және толағай жетістіктер тілейміз!
Авторлар: Баспасөз хатшысы Қ.Рамазанов
Биолог-мемлекеттік инспектор А. Долдашева













