«Birge – taza Qazaqstan!» экологиялық акциясы аясында қоршаған ортаның тазалығын сақтау, табиғатты қорғау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру мақсатында тазалық жұмыстары ұйымдастырылды.

   Игі шараға «Тарбағатай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің 11 қызметкері және Қаратұма ауылдық округіндегі орта мектептің 14 қызметкері қатысып, қоршаған ортаны таза ұстауға өз үлестерін қосты.

   Акция барысында қатысушылар табиғатты аялаудың, қоршаған ортаны ластамаудың және тазалықты сақтаудың маңыздылығын насихаттады. Осындай игі бастамалар қоғамның экологиялық жауапкершілігін арттырып, өскелең ұрпаққа табиғатты қорғау мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді.

   Таза табиғат – жарқын болашақтың кепілі! Әрқайсымыз қоршаған ортаның тазалығына жауапкершілікпен қарап, туған жерімізді таза ұстауға атсалысайық!

    Birge – taza Qazaqstan! Бірге таза Қазақстан үшін!

Автор: Баспасөз хатшысы Рамазанов Қуаныш


 

04.04.23 6

Серкебаев Айдын Серікұлы

«Тарбағатай» мемлекетік ұлттық табиғи паркі» РММ директоры

Layer 5851

Қазақстанның Мемлекеттік рәміздері:

Елтаңба, Ту, Әнұран

"Тарбағатай" Ұлттық паркі. Сан. тазалау үшін ақы төлеу

screenshot 106

"Тарбағатай" Ұлттық паркі. Көлікке арналған тұрақ ұсыну

screenshot 95

▲