2026 жылғы 13–15 қазан аралығында «Тарбағатай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің Үржар орманшылығының мемлекеттік инспекторлары «Охотзоопром» мекемесінің инспекторларымен және ұлттық парктің жедел тобының құрамымен бірлесіп рейдтік іс-шара жүргізді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – ерекше қорғалатын табиғи аумақтың табиғи байлықтарын қорғау, браконьерлік пен өзге де заң бұзушылықтардың алдын алу, сондай-ақ табиғат қорғау заңнамасының сақталуын бақылау.
Рейдке Үржар орманшылығының мемлекеттік инспекторлары Увалиев А. және Гергенрейдер К. мен жедел топтың қызметкерлері қатысты.
Рейдтік іс-шара барысында заң бұзушылықтар анықталған жоқ.
Табиғатты қорғау – баршамызға ортақ міндет! Бірлескен бақылау жұмыстары табиғи байлықтарды сақтауға және қоршаған ортаны қорғауға бағытталған.













