«Тарбағатай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің қызметкерлеріне алғыс білдірілді!
Құрметті Берік Нұрланбекұлы, Нұржан Тұрсынбекұлы және Бақытжан Маратұлы!
Ақшоқы ауылдық округінің әкімі Ы. Саржановтың және ауыл тұрғындарының атынан Сіздерге шынайы алғысымызды білдіреміз!
Ақшоқы ауылына қарасты аумақта түнгі уақытта қызметтік рейд жүргізу барысында шөп ұрлау фактісін анықтап, құқық бұзушыларды ұрлық үстінде ұстауға атсалысқандарыңыз үшін зор ризашылығымызды білдіреміз.
«Тарбағатай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде адал қызмет атқарып, түн мезгілінде де қоғамдық тәртіп пен заңдылықты сақтауға үлес қосып жүргендеріңіз — жауапкершіліктің, азаматтық ұстанымның және өз ісіне деген адалдықтың айқын көрінісі.
Сіздердің бұл әрекеттеріңіз кәсіби біліктіліктеріңізді, табандылықтарыңызды және ел мүддесіне деген жанашырлықтарыңызды көрсетеді. Заңсыз әрекеттердің алдын алып, ауыл тұрғындарының мүддесін қорғауға қосқан үлестеріңіз ерекше құрметке лайық.
Осындай адал қызметтеріңіз бен азаматтық жауапкершіліктеріңіз үшін алғысымыз шексіз!
Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, ұзақ ғұмыр және жауапты қызметтеріңізге толағай табыс тілейміз! Еңбектеріңіз әрдайым абыройға бөленіп, ел игілігі жолындағы қызметтеріңіз жемісті болсын!
Ізгі ниетпен,
Ақшоқы ауылдық округінің әкімі
Ы. Саржанов
Автор: Баспасөз хатшысы Рамазанов Қуаныш













