«Тарбағатай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің орман қорғау инженері Малгельдинов Мұрат Ережепекович табиғатты қорғау, биоалуантүрлілікті сақтау және орман шаруашылығын дамыту жолындағы еңбегі үшін марапатқа ие болды.
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің атынан ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды дамытуға, табиғи байлықтарды сақтауға және қоршаған ортаны қорғауға қосқан үлесі үшін марапат табысталды.
Бұл марапат – табиғатты аялау, орманды қорғау және келер ұрпаққа бай табиғи мұрамызды аман жеткізу жолында атқарылған еңбектің бағасы.
Малгельдинов Мұрат Ережепековичті марапатымен шын жүректен құттықтаймыз! Еңбегіңізге табыс, отбасыңызға амандық, табиғатты қорғау жолындағы қызметіңізге толағай жетістіктер тілейміз!
Автор: Баспасөз хатшысы Рамазанов Қуаныш













