Табиғатты қорғау – баршамыздың ортақ міндетіміз!
«Тарбағатай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында табиғатты қорғау және жануарлар дүниесін сақтау мақсатында мемлекеттік инспекторлар тарапынан жедел профилактикалық іс-шаралар жүргізілуде.
Іс-шараның негізгі мақсаты – заңсыз аңшылықтың алдын алу, жабайы жануарлардың мекендеу ортасын қорғау және табиғат қорғау заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету.
Рейдтік жұмыстар барысында ұлттық парк аумағы мен оған іргелес табиғи жерлерде бақылау жүргізіліп, азаматтарға заңсыз аңшылықтың табиғатқа келтіретін зияны және оның заңдық жауапкершілігі түсіндірілуде.
Жануарлар дүниесі – табиғаттың баға жетпес байлығы. Оны қорғау, сақтау және келер ұрпаққа аман жеткізу – әрбір азаматтың міндеті.
Заңсыз аңшылыққа жол жоқ! Табиғатты бірге қорғайық!
Автор: Жедел топ жетекшісі, мемлекеттік инспектор Б. Касенбаев













