2026 жылғы 23 қазанда Республика күніне орай және «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық бағдарламасы аясында «Тарбағатай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің қызметкерлері мен Үржар орманшылығының мемлекеттік инспекторлары Мектеп жанында интернаты бар Бестерек орта мектебінде экологиялық іс-шара өткізді. 
 
  Іс-шара барысында Экологиялық ағарту, рекреация және туризм бөлімінің инженерлері 8–9 сыныптың 25 оқушысына «Туған жер табиғаты — ортақ байлығымыз» тақырыбында семинар сабақ өткізді. Семинар кезінде оқушылар табиғатты қорғау, қоршаған ортаны сақтау және туған өлкенің табиғи байлығын аялауға қатысты сұрақтарын қойып, мамандардан толық жауап алды. 
 
   «Туған жерге тағзым» экологиялық акциясы аясында оқушылар, ұлттық парк мамандары және Үржар орманшылығының мемлекеттік инспекторлары бірлесіп мектептің ботаникалық бағына 40 түп ағаш көшетін отырғызды.
 
   Сондай-ақ «Туған жер — алтын бесігім!» экологиялық акциясы ұйымдастырылып, сенбілік жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде 0,02 гектар аумақ тазартылып, 1 тонна қоқыс жиналып, қоқыс полигонына шығарылды. 
 
  Экологиялық акцияларға 37 адам қатысып, жалпы барлық іс-шараға 62 адам жұмылдырылды.
 
   Мұндай іс-шаралар жас ұрпақтың табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттырып, қоршаған ортаны қорғауға деген жауапкершілігін қалыптастыруға бағытталған.
 
   Туған жер табиғатын қорғау — баршамызға ортақ міндет!
   Таза табиғат — жарқын болашақ!
   Туған жерді аялайық, табиғатты бірге қорғайық!
 
   Үржар орманшылығының басшысы Қуандық Шәріпқанов;
Баспасөз хатшысы Қуаныш Рамазанов.
 
#ТазаҚазақстан #РеспубликаКүні #ТуғанЖер #ТуғанЖергеТағзым #ТуғанЖерАлтынБесігім #ЭкологиялықАкция #ТабиғаттыҚорғайық #ТарбағатайМҰТП

 

 
 
 
#ТазаҚазақстан #ДеньРеспублики #РоднойКрай #ПоклонРоднойЗемле #РоднаяЗемля #ЭкологическаяАкция #БерегитеПрироду #ГНППТарбагатай

04.04.23 6

Серкебаев Айдын Серікұлы

«Тарбағатай» мемлекетік ұлттық табиғи паркі» РММ директоры

Layer 5851

Қазақстанның Мемлекеттік рәміздері:

Елтаңба, Ту, Әнұран

"Тарбағатай" Ұлттық паркі. Сан. тазалау үшін ақы төлеу

screenshot 106

"Тарбағатай" Ұлттық паркі. Көлікке арналған тұрақ ұсыну

screenshot 95

▲