23 қазан – Халықаралық қар барысы күніне орай Тарбағатай мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің Ғылым, ақпарат және экологиялық мониторинг бөлімінің қызметкерлері Мақаншы ауданы, Көктерек ауылындағы «Көктерек орта мектеп-балабақшасы» КММ-нің 2–7 сынып оқушыларына арналған танымдық дәріс сабақ өткізді.
Іс-шараның басты мақсаты – жас ұрпақтың табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру, сирек кездесетін жануарларды қорғаудың маңыздылығын түсіндіру және экологиялық мәдениетін қалыптастыру.
Дәріс барысында оқушыларға қар барысының тіршілік ету ортасы, ерекшеліктері және оны қорғаудың маңыздылығы туралы ақпарат берілді. Сонымен қатар, балалардың табиғатқа деген қызығушылығын арттыру мақсатында алдын ала дайындаған қар барысының суреттері бағаланып, белсенділік танытқан оқушыларға естелік сыйлықтар табысталды.
Осындай танымдық іс-шаралар арқылы жас ұрпақтың қоршаған ортаға деген жауапкершілігін арттырып, табиғатты аялауға және сирек кездесетін жануарларды қорғауға үлес қосамыз.
Қар барысын сақтау – табиғи мұрамызды сақтау!
Авторлар:Биолог – мемлекеттік инспектор: С.Мәженова
Биолог – мемлекеттік инспектор: А.Долдашева













