Сізді зейнеткерлік демалысқа шығуыңызбен шын жүректен құттықтаймыз!
«Тарбағатай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде ұзақ жылдар бойы абыройлы еңбек етіп, табиғатты қорғау саласына өз үлесіңізді қосып келдіңіз. Еңбек жолыңызда өзіңізге жүктелген міндеттерді жауапкершілікпен атқарып, әріптестеріңіздің арасында құрметке бөлендіңіз.
Осы жолда қажырлы еңбек етіп, мол тәжірибе жинақтаған Сіздің еңбегіңіз ұжым үшін әрдайым қадірлі.
Сізге ұзақ жылдар бойы атқарған еңбегіңіз үшін шынайы алғысымызды білдіреміз!
Зейнеткерлік демалысыңыз құтты болсын! Деніңізге саулық, отбасыңызға амандық, шаңырағыңызға шаттық пен береке тілейміз. Алдағы өміріңіз қуанышқа, жақсылыққа және жарқын сәттерге толы болсын!
Ізгі тілекпен,
«Тарбағатай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің директоры А. Серкебаев және ұлттық парк ұжымы!













