Құрметті отандастар!

Сіздерді ұлттық рухымызды асқақтатып, елдігімізді айшықтайтын ұлық мереке – Республика күнімен шын жүректен құттықтаймыз! 

Бұл мереке – еліміздің егемендігін, халқымыздың бірлігі мен ынтымағын, тәуелсіздік жолындағы тарихи қадамдарын дәріптейтін ерекше күн. Отанымыздың көк байрағы биікте желбіреп, еліміздің абыройы асқақтай берсін!

  Туған жеріміздің табиғаты жайқалып, орман-тоғайымыз бен жан-жануарлар дүниесі байи түссін. Әрбір азаматтың еңбегі еліміздің дамуына үлес қосып, келер ұрпаққа жарқын болашақ сыйласын!

Баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, шаңырақтарыңызға шаттық пен береке тілейміз! Елімізде әрдайым тыныштық орнап, бірлігіміз бекем, тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын!

  Республика күні құтты болсын!
Еліміз аман, жұртымыз тыныш, Қазақстанымыз мәңгі жасасын!

Ізгі тілекпен,

«Тарбағатай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің директоры А. Серкебаев және ұлттық парк ұжымы! 

04.04.23 6

Серкебаев Айдын Серікұлы

«Тарбағатай» мемлекетік ұлттық табиғи паркі» РММ директоры

Layer 5851

Қазақстанның Мемлекеттік рәміздері:

Елтаңба, Ту, Әнұран

"Тарбағатай" Ұлттық паркі. Сан. тазалау үшін ақы төлеу

screenshot 106

"Тарбағатай" Ұлттық паркі. Көлікке арналған тұрақ ұсыну

screenshot 95

▲