Абай облысы, Семей қаласында Жақсылық Үшкемпіров атындағы №1 спорт кешенінде Орман шаруашылығы қызметкерлері күніне арналған спартакиада ұйымдастырылды. 
 
   Мерекелік іс-шараның басты мақсаты – орман шаруашылығы саласының қызметкерлері арасында салауатты өмір салтын насихаттау, спортқа деген қызығушылықты арттыру, командалық бірлікті нығайту және қызметкерлердің өзара ынтымақтастығын дамыту.
 
   Спартакиада аясында қатысушылар спорттың 5 түрі бойынша бақ сынады:
 Футбол
 Қол күрес
 Гір тасын көтеру
 Арқан тарту
Волейбол
 
   Жарысқа «Жасыл ел Абай» КММ, «Тарбағатай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі, УПР және Территориялық инспекция командалары қатысып, өздерінің спорттық шеберліктерін, күш-жігерін және ұйымшылдығын көрсетті.
 
 ЖАРЫС НӘТИЖЕЛЕРІ:
 
 Футбол:
 1-орын – «Жасыл ел Абай» КММ командасы
 2-орын – «Тарбағатай» МҰТП командасы
 3-орын – Территориялық инспекция командасы
 
 Қол күрес:
 1-орын – «Тарбағатай» МҰТП қызметкері, орман патологиясы инженері Тұяқбаев Нұрлан
 
 Гір тасын көтеру:
 1-орын – «Тарбағатай» МҰТП мемлекеттік инспекторы Рысбек Тілек
 
 Арқан тарту:
 1-орын – УПР командасы
 2-орын – «Жасыл ел» командасы
 3-орын – «Тарбағатай» МҰТП командасы
 
   Осындай спорттық шаралар қызметкерлердің денсаулығын нығайтып қана қоймай, ұжымдар арасындағы достық пен ынтымақтастықты арттыруға зор ықпал етеді. Спартакиада барысында қатысушылар жоғары дайындықтарын, жеңіске деген жігерлерін және нағыз командалық рухтарын танытты. 
 
   Барлық жарысқа қатысқан командаларды және жүлдегерлерді шын жүректен құттықтаймыз! 
 
   Әрдайым биік белестерді бағындырып, спортта да, қызметте де толағай табыстарға жете беріңіздер! 
 
Ізгі тілекпен,
«Тарбағатай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің ұжымы! 
 
Автор: Баспасөз хатшысы Рамазанов Қуаныш

04.04.23 6

Серкебаев Айдын Серікұлы

«Тарбағатай» мемлекетік ұлттық табиғи паркі» РММ директоры

Layer 5851

Қазақстанның Мемлекеттік рәміздері:

Елтаңба, Ту, Әнұран

"Тарбағатай" Ұлттық паркі. Сан. тазалау үшін ақы төлеу

screenshot 106

"Тарбағатай" Ұлттық паркі. Көлікке арналған тұрақ ұсыну

screenshot 95

▲