Табиғатты қорғау – үлкен жауапкершілік пен табандылықты талап ететін маңызды міндет. «Тарбағатай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің мемлекеттік инспекторлары табиғи байлықтарды сақтау, жануарлар дүниесін қорғау және экологиялық тепе-теңдікті қамтамасыз ету жолында күнделікті қызмет атқарады.
Рейдтік және патрульдік іс-шаралар – инспекторлардың негізгі қызмет бағыттарының бірі. Бекітілген аумақтарда тұрақты бақылау жүргізіліп, заңсыз аңшылықтың, табиғатқа зиян келтіретін әрекеттердің және өзге де құқық бұзушылықтардың алдын алуға ерекше назар аударылады.
Қыстың қақаған аязында да, жаздың аптап ыстығында да табиғат сақшылары өз міндеттерін абыроймен атқарып, ұлттық парктің байлығын қорғауға үлес қосады. Әрбір патруль – табиғатты сақтау жолындағы маңызды қадам.
Табиғатты қорғау – тек инспекторлардың ғана емес, барша азаматтың ортақ міндеті. Табиғи мұрамызды келер ұрпаққа аман жеткізу – бәрімізге жүктелген жауапкершілік!
Табиғатты аялайық – болашақты қорғайық!
Автор: Зайсан (зоологиялық) қаумалының орман шебері Өтешов Аманжол













