Орман шаруашылығы қызметкерлері күніне арналған спартакиадада «Тарбағатай» МҰТП қызметкерлері марапатталды!
Абай облысы, Семей қаласында Жақсылық Үшкемпіров атындағы №1 спорт кешенінде Орман шаруашылығы қызметкерлері күніне арналған спартакиада қорытындыланды.
Жарыс барысында спорттың бірнеше түрінен бақ сынаған қатысушылар өздерінің күш-жігерін, ептілігін және командалық бірлігін көрсетті. Аталған спартакиада орман шаруашылығы саласы қызметкерлерінің басын қосып, достық пен ынтымақтастықты нығайтқан маңызды спорттық шара болды.
МАРАПАТТАУ СӘТІ
Спартакиада қорытындысы бойынша жүлделі орындарға ие болған «Тарбағатай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің қызметкерлерін ұлттық парк директоры А. Серкебаев салтанатты түрде марапаттап, жеңімпаздарға құттықтау сөзін арнады.
Директор өз сөзінде қызметкерлердің спорттағы жетістіктері мен белсенділігін атап өтіп, олардың жеңіске деген жігері мен ұйымшылдығына жоғары баға берді. Сонымен қатар, алдағы уақытта да осындай жарқын жетістіктер мен табыстарға жете берулеріне тілектестік білдірді.
Спартакиадада жоғары нәтиже көрсеткен ұлттық парк қызметкерлері:
Қол күресінен – орман патологиясы инженері Нұрлан Тұяқбаев І орынға ие болды.
Гір тасын көтеруден – мемлекеттік инспектор Тілек Рысбек І орынды жеңіп алды.
Футболдан ұлттық парк командасы ІІ орынға қол жеткізді.
Арқан тартудан ұлттық парк командасы ІІІ орын иеленді.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге марапаттар табысталып, олардың спорттық жетістіктері ерекше атап өтілді.
Мұндай шаралар қызметкерлердің кәсіби қызметімен қатар, спорттық белсенділігін арттырып, ұжым арасындағы ынтымақтастық пен бірлікті нығайтуға зор үлес қосады.
«Тарбағатай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің ұжымы жарысқа қатысқан барлық командаларды, жеңімпаздар мен жүлдегерлерді шын жүректен құттықтайды!
Әрдайым жеңіс тұғырынан көрініп, биік белестерді бағындыра беріңіздер!
Бірлік пен жігер – жеңістің кепілі!
Автор: Баспасөз хатшысы Рамазанов Қуаныш













